Отбасы күні
Айтуар негізгі орта мектебінде «Отбасы күні» мерекесіне
дайындық және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, жауапты мұғалімдерге жүктелген іс-шараларды уақытылы орындады.
Қыркүйектің жетісі күні 0-4 сыныптарды бастауыш сынып мұғалімдері мектеп ауласына шығарып, асфальтқа отбасы туралы суреттер салғызды. Қыркүйектің сегізі күні 2-4 сыныптарда «Біздің тату отбасымыз» және 5-8 сыныптарда «Мен және менің отбасым» тақырыбында шығарма байқауы өтті. Қыркүйектің тоғызы күні сынып жетекшілер «Отбасы, осы сөзде қанша мағына...» тақырыбына сынып сағаттарын өткізді. Сыныптар арасында Сүйіспеншілікке толы отбасы» отбасы газеттерінің байқауы өтті. Оқушылар өздерінің отбасылары жайында айтып, плакат бетіне отбастарының суреттерін салды.
«Бірінші сыныпқа дайындайтын ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбына психологиялық-педагогикалық акция, 9-сынып және олардың ата-аналары үшін отбасылық тәрбиелеу бойынша мектеп психологының отбасылық кеңесін жантанушы ойдағыдай өткізді. Дене шынықтыру мұғалімі «Әкем-шешем және мен отбасымыз спортшыл» көңілді старттар өткізді. Оқушылар өз отбастарымен қатысып, жарыс қызықты өтті. Қыркүйектің он бірі күні «Отбасы альбомындағы біздің тарих» көрмелері ұйымдастырылды. Оқушылар өздерінің отбасыларымен бірге түскен фото суреттерін стендке жапсырып, отбасы альбомындағы тарих жайында айтып берді.
орта мектебінде «Отбасы күні» мерекесіне
дайындық және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, жауапты мұғалімдерге жүктелген