"Өз ағашыңды ек" акциясы
Айтуар негізгі орта мектебінде "Өз ағашыңды ек" акция аясында қарағай ағашын отырғызды. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын..." бұл бабалардың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Ұрпақ болашағына, денсаулығына оң әсерін тигізіп, туған ауылының көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау -әрбір азаматтың борышы. Осы орайда мектеп бітіруші түлектер өз ата-аналарымен өз алтын ұя мектебіне ағаш отырғызды. Бір адам бір ағаш отырғызса, амал дәптеріне отырғызылған ағаштың жемісіндей сауап жазылады -деген, олай болса мол сауапқа себеп болар бір тал ағаш отырғызуда келешек ұрпақ үшін жоспарлап мақсат етейік!