Ұлы Жеңіске мың тағзым
Бізді әрбір өткен жыл Ұлы Отан соғысының бірінші күніндегі оқиғалардан алыстатуда. Көптеген соғыста Жеңіске жеткен жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын майданға қатысқан сарбаздардың саны қысқарып, қара тізім ұзарып барады. Сондықтан, біз соғыс туралы бәрін білеміз бе, жеңістің шын бағасын түсінеміз бе және келер ұрпаққа жеңіс туралы ұғымды сақтап қала аламыз ба- деген көкейтесті сұрақтар туындамас үшін үнемі және жыл сайын осы күнді ерекше бәрінің есінде қаларлықтай атап өтеміз. Міне, биыл да ардагерлерімізді еске алып ескерткішке жоғары сынып оқушыларымен бірге "Балбөбек"шағын орталық бүлдіршіндері де гүл шоқтарын қойып, арнайы "Ұлы Жеңіске мың тағзым" атты мерекелік концерт ұйымдастырды.