Мен және менің отбасым
Айтуар негізгі орта мектебінде "Отбасы сағаты" атты республикалық акция аясында "Мен және менің отбасым" атты ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Барысында ата-аналармен отбасы қызметтерінің бірі- тәрбиелеушілік міндет; қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі да алмастыра алмайтындығы. Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру, әке-шешенің ең маңызды міндеті екендігі жайлы үстел басында әңгімелер жүргізілді.