Бірлігі жарасқан қазақ елі
Қазақтың кең байтақ даласы бүгінде 130 дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып отыр.Сол себепті де 1 мамыр-Халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі."Бірлік болмай тірлік болмас"деген атам қазақ.Берекені көздеген мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған."Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" қағидасын ұстанған біздің Айтуар негізгі орта мектебінің оқушылары да "Бірлігі жарасқан Қазақ елі" атты мерекелік шара ұйымдастырды. Әрбір ұлттың әндері, билері, дәстүр мен салтқа толы көріністер көрсетілді.