Ал, қанекей, әжелер! сайысы
Айтуар негізгі орта мектебінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Ал,кәнекей, әжелер!" атты сайыс өтті.
Айтуар негізгі орта мектебінде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауылымыздың әжелерімен "Ал, қанекей,әжелер!" атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу.Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Оқушыларды кішіпейілдікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.