Ата-аналар жиналысы
2019 жылдың 8 қаңтар күні мектебімізде "Жақсы бала, ата-ана қуанышы" атты мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті.
2019 жылдың 8 қаңтар күні мектебімізде "Жақсы бала, ата-ана қуанышы" атты мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналар мен тренинг, "Жақсы бала, ата-ана қуанышы" баяндама, "Балаңызға деген сүйіспеншілік" ойыны өткізілді.Халқымыз "Ұяда не көрсең, соны ілерсің" дейді. Бала әрқашанда ата-анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Сондықтанда баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.