Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Мектебімізде жаңа жыл қарсаңында оқушылар мен ата-аналарға арнайы аудандық мәдениет үйінен жаңа жыл мерекесін өткізуге қонақтар шақырылды. Келген қонақтарымыз мерекені өте қызықты, әрі әсерлі етіп ұйымдастырды. Оқушыларымыз ертегілер әлемінде болып,ойындар ойнап, ата-аналар әдемі әндер тыңдап, би билеп қуанды. Оқушылар мен ата-аналар, ауыл тұрғындары дән ризашылықтарын білдірді.